Бізде «жұмыссыздық бойынша жәрдемақы» деген жоқ - министрлік өкілі
Көмек ақша адамдардың соған толықтай өмір сүруіне арналмаған
Еңбек ресурстарын дамыту орталығының президенті Дәулет Арғандықов жұмысынан айырылған жағдайда кімдердің мемлекет көмегіне жүгіне алатынын айтты.
Алдымен ол Қазақстанда «жұмыссыздық бойынша жәрдемақы» деген ұғым жоқ екенін атап өтті.
Оның айтуынша, мұндай көмекті тек жұмыс істеген, бірақ жұмысынан айырылғандар ғана алады.
Сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы Александр Кононец төлемдер МӘСҚ-ның әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар, яғни жұмыс беруші әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар жасаған азаматтарға берілетінін нақтылады.