Бізде «жұмыссыздық бойынша жәрдемақы» деген жоқ - министрлік өкілі

Бізде «жұмыссыздық бойынша жәрдемақы» деген жоқ - министрлік өкілі bai-bol.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 2 қараша, 2024

Көмек ақша адамдардың соған толықтай өмір сүруіне арналмаған

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының президенті Дәулет Арғандықов жұмысынан айырылған жағдайда кімдердің мемлекет көмегіне жүгіне алатынын айтты.

Алдымен ол Қазақстанда «жұмыссыздық бойынша жәрдемақы» деген ұғым жоқ екенін атап өтті.

Жұмысынан айырылуға байланысты әлеуметтік төлемдер қарастырылған. Оны мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры төлейді. Біз әділеттілік турасынан айтып отырмыз, яғни жүйе тәуекелдер туындаған жағдайда «қорғаныш жастығы» ретінде жұмыс істеуі керек. Ол сол үшін жасалған. Сондықтан бұл механизмдер бүгінде осылай жұмыс істейді. Бұл – өте қалыпты тәжірибе, - деп түсіндірді Дәулет Арғандықов.

Оның айтуынша, мұндай көмекті тек жұмыс істеген, бірақ жұмысынан айырылғандар ғана алады.

Неліктен біз бен сіздер жұмыс істеп, бюджетке ақша аударамыз, егер бұл ақшаны жұмыс істемейтін, ақша аудармағандар алуы керек болса? Бұл әділетсіз емес пе? Бүкіл әлемде осылай: кім жұмыс істеп, ақша аударады, солар үшін бұл сақтандыру болады. Оның үстіне төлем мөлшері әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және аударымдарыңыздың мөлшеріне байланысты болады, - деді Еңбек ресурстарын дамыту орталығының президенті.

Сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы Александр Кононец төлемдер МӘСҚ-ның әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар, яғни жұмыс беруші әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар жасаған азаматтарға берілетінін нақтылады. 

Ол 6 айға дейінгі кезеңде жоғалтқан табысының 40%-на дейінгі көлемде төленеді және жұмысынан айырылған адамға басқа жұмыс табуына уақыт мүмкіндігін беруге бағытталған. Айталық, бұл – оны қиын жағдайда қолдауға арналған төлем. Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы емес. Бізде жұмыссыздық бойынша жәрдемақы деген жоқ. Ал табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтар үшін атаулы әлеуметтік көмек қарастырылған. Бұл – екі түрлі дүние. «Көмек», «көмектесу» үшін беріледі. Көмек ақша адамдардың соған толықтай өмір сүруіне арналмаған, - деді министрлік өкілі.