Өзіміздің өнім

Louis Vuitton мен Gucci брендтері қазақстандық маталарды пайдаланбақ

Түркістанда жасалған тігін жіптері мен маталар сатылады

Louis Vuitton мен Gucci брендтері қазақстандық мақтадан жасалған маталарды пайдаланатын болды.

Түркістан облысындағы «Тұран» арнайы экономикалық аймағында құны 146,8 млрд теңге болатын мақта өңдеу кешені салынбақ. 

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, толық циклді тоқыма фабрикасында иіру, мата өндіру, бояу, өңдеу сияқты 11 цех болады. Өндіріс қуаты жылына 13 мың тонна иірілген жіп, 50 миллион метр үй тоқыма бұйымдарын, 7 миллион төсек-орын жиынтығын қамтиды.