Алматыда ерекше спорттық көлік 2 млрд теңгеге сатылып жатыр
Сатып алушы үстінен ақша қосса, оны Ferrari-ге ауыстыруға дайын
Алматыда бағасы 2 миллиард теңгеге жуық тұратын Bugatti Chiron сатылып жатыр. Бұл хабарландыру сайттардың бірінде пайда болды.
Сипаттамада айтылғандай, Bugatti Chiron көлігі 2020 жылы шығарылған. Қозғалтқышы – 8 литр, төрт доңғалақты жетегі және роботты беріліс қорабы бар. Көлік бензинмен жүреді және Қазақстанда кедендік рәсімделген.
Сонымен қатар, хабарландыру авторы оның өз гаражындағы үшінші спорттық көлік екенін айтты және сатып алушы үстінен ақша қосса, оны Ferrari-ге ауыстыруға дайын болып шықты.
Сондай-ақ автор бұл Қазақстандағы жалғыз Bugatti болуы мүмкін екенін, егер оны Алматыда сату мүмкін болмаса, көліктің Еуропаға жеткізілетінін айта кетті.
Автокөліктің қазіргі саудаға шығарған нақты бағасы – 1 950 000 000 теңге.