Қазақстандық блогерлер соңғы 9 айда 1,2 млрд теңге салық төлеген
Жылдық табысы 1 020 000 теңгеден асса, салық төлеуге міндетті
Елімізде ресми тіркелген 745 блогер соңғы 9 айда мемлекетке 1,2 миллиард теңгеден аса салық төлеген. Олардың салығы туралы есепті Мемлекеттік кірістер комитеті жариялады.
Ведомствоның мәліметінше, блогер жалдамалы жұмыс күшін пайдаланса немесе жылдық табысы 12 ең төменгі жалақы мөлшерінен асса, жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек. 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы – 85 мың теңге, Яғни блогердің жылдық табысы 1 020 000 теңгеден асса, салық төлеуге міндетті.