Қазақстандық блогерлер соңғы 9 айда 1,2 млрд теңге салық төлеген

Қазақстандық блогерлер соңғы 9 айда 1,2 млрд теңге салық төлеген br.pinterest.com
bai-bol.kz bai-bol.kz | 30 қазан, 2024

Жылдық табысы 1 020 000 теңгеден асса, салық төлеуге міндетті

Елімізде ресми тіркелген 745 блогер соңғы 9 айда мемлекетке 1,2 миллиард теңгеден аса салық төлеген. Олардың салығы туралы есепті Мемлекеттік кірістер комитеті жариялады.

«Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заңның нормаларына сәйкес, блогер – онлайн-платформада ақпаратты басқа тұлғаларға іскерлік мақсатта жариялайтын онлайн-платформаның пайдаланушысы. Бүгінде республикада 745 блогер бар. Тізім Instagram, Youtube, TikTok-та 20 мыңнан аса жазылушысы бар жеке тұлғалардан құралған. Салық кодексіне сәйкес, блогерлердің, оның ішінде ақпараттық өнімдерді жарнамалаудан немесе ілгерілетуден түскен табыстарына салық салынады, – делінген хабарламада. 

Ведомствоның мәліметінше, блогер жалдамалы жұмыс күшін пайдаланса немесе жылдық табысы 12 ең төменгі жалақы мөлшерінен асса, жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек. 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы – 85 мың теңге, Яғни блогердің жылдық табысы 1 020 000 теңгеден асса, салық төлеуге міндетті.

Блогерлердің көпшілігі қазірдің өзінде кәсіпкер саналады және қолданыстағы салық режиміне байланысты тиісті салықтарды төлейді. Осылайша, өткен 9 айда олар 1 миллиард 226 миллион теңгеден аса салық төлеген, – деп хабарлады комитет.