Үнді миллионері бар байлығын иті мен екі көмекшісіне қалдырған

Үнді миллионері бар байлығын иті мен екі көмекшісіне қалдырған Elevation R
bai-bol.kz bai-bol.kz | 29 қазан, 2024

Мүліктердің қалған бір бөлігін іні-қарындастарына бөліп берген

Үндістанның ең ықпалды кәсіпкері Ратан Тата 2024 жылдың 9 қазанында дүниеден озды. Ол өмір бойы бойдақ болып өткен. Сондықтан 100 миллион доллардан аса (48 миллиард теңгеден асатын) байлығын сүйікті итіне, сарай меңгерушісі мен аспазына мұраға қалдырған.

86 жастағы миллионер қайтыс болған соң екі аптадан кейін оның өсиеті жарияланды. Өсиетке сәйкес, марқұм өзінің байлығының көп бөлігін сүйікті неміс овчаркасына, сондай-ақ аспаз Раджан Шоуға және басты көмекшісі болған сарай меңгерушісі Конар Суббнахқа қалдырылған.

Daily Mail басылымының жазуынша, кәсіпкер өзіне тиесілі мүліктердің қалған бір бөлігін іні-қарындастарына бөліп берген.

Өсиетте иті Титоға шексіз қамқорлық көрсетілуі керектігі баса атап көрсетілген.