Табыс

Ауылда жұмыс істеуге барғандарға 7,5 млн теңге беріледі

Жылдық 0,01% сыйақы мөлшерлемесімен 15 жылға дейін бюджеттік несие де ала алады

Ауылда жұмыс істегісі келетін мамандарға үй алуға 7,5 млн теңгеден беріледі.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов депутаттардың сауалына берген жауабында «Дипломмен – ауылға» жобасы аясында елді мекенде тұруға және жұмыс iстеуге барған мамандарға республикалық бюджеттен үй сатып алуға ақша берілетінін айтты.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында ауылдық елді мекендерде өз жұмысшыларына үй салып берген жұмыс берушілерге субсидия (аумағы 100 шаршы метрден аспайтын үй құнының 50% мөлшерінде) төленеді.

Еске сала кетсек, биыл 1 АЕК – 3 692 теңгеге тең.