Маман қазақ асханасындағы ең пайдалы ұлттық тағамдарды атады
Қымыз құрамында туберкулез таяқшасының өсуін тежейтін антибиотикалық заттар бар
Медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақ тағамтану академиясының «Нутрициология» кафедрасының доценті Елена Ушанская Tengri Life-те ең пайдалы ұлттық тағамдарды атады.
Нутрициологтың айтуынша, қазақтардың сүт қышқылды өнімдерін пайдалы тағамдардың жеке санатына бөлу қажет.
Мысалы, қымыз – ішектің сауығуына ықпал ететін керемет сусын. Сонымен қатар оның құрамында адамға пайдалы және қажетті дәрумендер мен минералдар бар.
Егер бала кезден қымыз ішпеген болсаңыз, жағымсыз салдарлар болмас үшін ағзаны оған дайындау керек.
Тағы бір өте пайдалы сусын – саумал.
Оның айтуынша, шұбат та пайдалы. Бірақ ол басқа ұлттық сусындарға қарағанда майлы. Сондықтан оны артық салмақ, өт шығару жүйесі, панкреатит проблемалары бар адамдарға көп мөлшерде ішу ұсынылмайды.
Елена Ушанскаяның айтуынша, құрт – кальций мен ақуыздың көзі.
Сондай-ақ қазақтың ұлттық тағамдары негізінен тойымды етті тағамдардан тұрады.
Ал жылқы еті, керісінше, диеталық етке жатады.
Бірақ қамырмен бірге ұсынылатын ет тағамын пайдалы асқа жатқызуға болмайды және мұндай тағамды көп жемеген дұрыс.