Бұқара

15-20 мың теңгеге сатылып жатқан Дубай шоколады ағзаға зиян болып шықты

Егер аллергия қатты қозса, адам анафилактикалық шок алады

Дубай шоколады адам ағзасына зиян. Бұл тәттіден асқазан-ішек жолдары бұзылады, калориясының салдары артық салмаққа әкеледі. Танымал шоколадқа қатысты дәрігерлер осылай деп дабыл қақты.

Тәттінің құрамына майға қуырылған катаифи қамыры қосылғандықтан, адамның ұйқы безі бұзылады, өті қабынады.

Токсиколог маман Михаил Кутушев Дубай шоколадын тұтынған қыз баланың денесі қышып, есінен танғанын мәлімдеді. Елордалық нутрициолог та мұны шоколад құрамындағы жаңғақ пастасының кері әсері деп отыр.

Еске сала кетсек, қазір Дубай шоколады елімізде кемінде 15-20 мың теңгеге сатылып жатыр. Тұтынушылары да аз емес.