Қазақстанның туы БРИКС банкнотына енді
Путин банкнотты министрлерге күлімсіреп тұрып көрсетті
Ресей президенті Владимир Путин жақында ұйымға кірмеу туралы шешім қабылдаған Қазақстанның туы бейнеленген жаңа «BRICS банкнотын» көрсетті, деп хабарлады РБК.
БРИКС саммиті кезінде Путин банкнотпен танысып, бұл «квази-ақшаны» Ресей Федерациясы Орталық банкінің басшысы Эльвира Набиуллинаға табыс етпес бұрын оны министрлерге күлімсіреп тұрып көрсетті.
Бірақ Набиуллина банкнотты бағаламады. Оның реакциясына Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков түсінік берді.
Банкноттың Орталық банк басшысына неліктен ұнамағаны белгісіз. Жалпы, онда барлық қатысушы елдердің тулары бейнеленген және Қазақстан туы да қосылған. Песков бұл ақшаның «БРИКС шеңберіндегі бірлескен жұмысты» білдіретінін атап өтті.