«Дубай емес, Қазақстан шоколады!» – желіде жаңа тренд пайда болды
#недубайскийА_Казахстанский #RepublicDay хэштегімен тараған жүздеген бейнеролик бар
Белгілі жекпе-жек жаттықтырушысы Бекзат Жәлел әлеуметтік желіде жаңа тренд бастады.
Бейнероликте жаттығу аяқталған соң Бекзат ынталандыру ретінде шәкірттеріне отандық өндірістің шоколадын таратады және «Дубай емес, өзіміздің Қазақстан шоколады» дейді.
Спортшының «Дубай емес, Қазақстан шоколады!» трендін басқа да блогерлер қолдап әкетті.
Айта кетсек, Бекзат Жәлел өз оқушыларымен жұмыс істеудегі ерекше тәсілдерімен бұрыннан танымал. Ол – шәкірттеріне тек физикалық дағдыларды емес, патриотизм мен Отанды сүюді үйрететін тәлімгер.
Тренерлік жұмысы мен вирусқа айналған бейнероликтер жасаудан бөлек, Бекзат Жәлелдің спорт саласында да мол тәжірибесі бар. Ол кикбоксингтен жүлдегер, таэквондо ITF бойынша бірнеше мәрте чемпион және Джит Кун-До чемпионаттарында үш рет жеңіске жеткен спортшы.
«Дубай емес, Қазақстан шоколады» трендін танымал тележүргізушілер, блогерлер, актерлер және елдің басқа да азаматтары қолдап жатыр. Қазірдің өзінде #недубайскийА_Казахстанский #RepublicDay хэштегімен тараған жүздеген бейнероликті көруге болады.