Динара Сәтжан жарнамалаған салоннан шыққан әйелдің денесі көгеріп кетті

Динара Сәтжан жарнамалаған салоннан шыққан әйелдің денесі көгеріп кетті видеодан скриншот
bai-bol.kz bai-bol.kz | 26 қазан, 2024

Ол бір сеансқа 175 мың теңге төлеген

Тележүргізуші Динара Сәтжан жарнамалаған массаж салонына барған әйелдің денесі көгеріп кеткен.

Әйел скульптуралық массажға барған. Содан кейін денесі көгеріп, гематома шыққан. Айтуынша, ол бір сеансқа 175 мың теңге төлепті.

175 мың теңгесін төлеп алған массаждан кейінгі үшінші күні әйелдің денсаулық жағдайы нашарлаған. Іші өтіп, температурасы мен қан қысымы көтерілген. Салдарын көріп тұрсыздар, қаптаған гематома, - деп жазды желі қолданушысы.

Аталған массаж салонын белгілі тележүргізуші Динара Сәтжан жарнамалаған. Оның айтуынша, бұл массаж түрі адамды диетасыз және спортсыз артық салмақтан арылтады-мыс.