Табыс

Үздік педагогтерге 3,6 млн теңгеден сыйақы берілді

Екі ұстаз «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болды

«Үздік педагог» республикалық байқауының 64 жеңімпазына 1000 АЕК көлемінде сыйақы берілді, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.

Министр Ғани Бейсембаев әріптестерін құттықтап, қазақстандық ұстаздардың жыл сайын халықаралық деңгейде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келе жатқанын атап өтті. Мысалы, биыл оқушыларымыз әлемдік беделді пәндік олимпиадаларда 26 медаль жеңіп алған. Оның екеуі – алтын медаль.

Атап айтқанда, республикалық байқау жеңімпаздары «Үздік педагог» куәлігімен, «Үздік педагог» төсбелгісімен және 1000 АЕК (3,6 млн теңгеден аса) мөлшерінде ақшалай сыйақымен марапатталып отыр.