Үздік педагогтерге 3,6 млн теңгеден сыйақы берілді
Екі ұстаз «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болды
«Үздік педагог» республикалық байқауының 64 жеңімпазына 1000 АЕК көлемінде сыйақы берілді, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.
Министр Ғани Бейсембаев әріптестерін құттықтап, қазақстандық ұстаздардың жыл сайын халықаралық деңгейде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келе жатқанын атап өтті. Мысалы, биыл оқушыларымыз әлемдік беделді пәндік олимпиадаларда 26 медаль жеңіп алған. Оның екеуі – алтын медаль.
Күні кеше ғана біздің екі ұстазымыз «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болды, бүгін де педагогтерімізді төрге оздырып, оларға құрмет көрсетудеміз. Бұл марапаттардың барлығы ұстаздардың еліміздің игілігіне, адами капиталды қалыптастыруға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан өлшеусіз адал еңбектерінің мемлекет тарапынан лайықты бағаланатынын және педагог мәртебесін көтерудің жаңа кезеңін айғақтайды, - деді Ғани Бейсембаев.
Атап айтқанда, республикалық байқау жеңімпаздары «Үздік педагог» куәлігімен, «Үздік педагог» төсбелгісімен және 1000 АЕК (3,6 млн теңгеден аса) мөлшерінде ақшалай сыйақымен марапатталып отыр.