Астанада жүк таситын қыз айына 1 млн теңгеден аса табыс табады
Оның негізгі мамандығы – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Астаналық Әйгерім Серік 5 тонналық жүк көлігін айдап, адал еңбек етіп, көптің көңілінен шығып жүр. Көлік айдап, жүк тасып, кәсібін дөңгелетіп отырған қыз техниканы 10 жасынан бастап меңгерген. Бұл туралы «Еуразия» телеарнасы хабарлады.
Қазір оның айлық табысы 1 миллион теңгеден асады. Айтуынша, күніне 4-5 тапсырыс алып, көлігімен жүк тасиды. Жүк тасу қызметіне сұраныс күн сайын артып келеді екен.
Жүк тасушы қыздың негізгі мамандығы – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Тіпті, актерлік білімі де бар. Алайда Әйгерім дипломмен жұмыс істеуден гөрі, болашағын көлікпен байланыстырғанды жөн көріпті.
Бүгінде ол көлікті жүргізіп қана қоймай, жөндей де біледі. Одан бөлек, аттың құлағында ойнайтын өнері бар. Тіпті, әлеуметтік желіде де танымал.