Ауғандар Алматыдағы көрмеге неге қару-жарақ әкелген? - вице-премьер түсіндірді
Ауғандар – қолөнердің хас шебері, - деді Серік Жұманғарин
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин ауғандардың 21 қазанда Алматыда өткен көрмеге неге қару-жарақ әкелгенін түсіндірді, деп хабарлады Halyq Uni.
Сондай-ақ ол көрмеге заттарды дұрыс қою өте маңызды екенін жеткізді.
Еске сала кетсек, 21 қазанда Алматыдағы Атакент-Экспо кешенінде өткен ауған тауарларының көрмесіне 80-нен аса компания қатысқан болатын. Көрмеге жемістер мен көкөністер, сусындар, жаңғақтар, шафран шайы, құрылыс материалдары, асыл тастар сияқты 150-ден аса өнім қойылды.