Әмиян

Ақтөбелік басшы мүгедек балалардың 44 млн-ға жуық теңгесін жымқырған

Сотталушы кінәсін мойындаған жоқ

Ақтөбеде қайырымдылыққа деп жиналған 44 млн теңгеге жуық қаржыны иемденген More Life қоғамдық қорының директоры 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Ақтөбе қаласының №2 сотында More Life қоғамдық қорының директоры Бибігүл Жулинаға қатысты қылмыстық іс қаралды. Оған Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша айып тағылды. Іс материалына сүйенсек, More Life қоғамдық қорының директоры 2022-2024 жылдар аралығында науқас балалардың ата-аналарының шоттарына түскен ақшалай қаражатты иемденіп алған. Шығын көлемі – 43 889 429 теңге.

Сот отырысында сотталушы кінәсін мойындамады. Тіпті оған қатысты сұрақтарға жауап беруден бас тартты.