Алматы облысының тұрғыны Instagram-да заңсыз ұтыс ойнатқан
auto.ru
bai-bol.kz | 23 қазан, 2024
Ол өзінің Jetour көлігін алғысы келетіндерден жеке шотына ақша аудартып алып отырған
Алматы облысында сот әлеуметтік желіде заңсыз лотерея ұйымдастырған ер адамға қатысты шешім шығарды.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс (ҚР ӘҚБтК 445-1-бабының 6-бөлігі бойынша) Балқаш аудандық сотында қаралған.
Биылғы шілдеде Н. өзінің Instagram-дағы парақшасында Jetour маркалы автокөлікті ойнату үшін заңсыз лотерея ұйымдастырды. Лотереяға қатысуға 200 теңге көлеміндегі лимитсіз лотерея билетінің құнын Н.-ның жеке банктік шотына аудару қажет болған, - делінген Алматы облыстық соты баспасөз қызметінің хабарламасында.
Айта кетсек, ер адамның өзі лотерея операторы емес. Сот оны әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 369 200 теңге (100 айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде айыппұл салды.
Сот шешімі заңды күшіне енді.