«Оңтүстік» АЭА аясында аяқкиім фабрикасы іске қосылғалы жатыр

«Оңтүстік» АЭА аясында аяқкиім фабрикасы іске қосылғалы жатыр kursiv.media
bai-bol.kz bai-bol.kz | 22 қазан, 2024

Фабриканың өндірістік қуаты – жылына 200 мың жұп аяқкиім

Отандық өнеркәсіпті дамыту мақсатында Қазақстанда бірқатар арнайы экономикалық аймақтар жұмыс істейді. Соның бірі – «Оңтүстік» АЭА. Оның аумағы 200 гектарды қамтиды.

«Оңтүстік» кәсіпорнында дайын тоқыма, трикотаж бұйымдарын, жібек маталар мен бұйымдарды, тоқылмаған трикотаж материалдары және олардан жасалған бұйымдарды, кілемдерді, кілемді бұйымдар мен гобелендерді, мақта целлюлозасын және оның туындыларын, мақта шикізатынан сапалы қағаз, сондай-ақ былғарыдан жасалған бұйымдар өндірумен айналысатын кәсіпорындар бар.

Сондай-ақ бұл арнайы экономикалық аймақта өндіріс үнемі кеңейіп, жаңа кәсіпорындар ашылып жатыр. Мәселен, Nappa.kz ЖШС аяқкиім шығару жобасын іске асырады. Компания 2023 жылы АЭА қатысушысы ретінде тіркелген. Өндірісті іске қосу 2024 жылдың соңына дейін жоспарланған.

Жобаға тартылған инвестиция көлемі 59 жұмыс орнын құрумен 400 млн теңгені қамтиды. Фабриканың өндірістік қуаты – жылына 200 мың жұп аяқкиім.

Бүгінде өндірістік нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталған. Технологиялық жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.