«Есірткінің бәрін сатып жатыр»: Алматыда дәріхана маңынан тұтынушы ұсталды (ВИДЕО)
Болған жағдайға қатысты қалалық ПД өкілдері пікір білдірді
Әлеуметтік желіде Алматының Алмалы ауданындағы дәріхананың есірткі сатып жатықаны туралы ақпарат тарады.
Egov.press Telegram арнасында полиция қызметкерлерінің көшедегі ер адамды ұстап, тергеп жатқан видеосы жарияланды. Видеодағы ер адамның айтуынша, дәріханалардың бірінде есірткінің түр-түрі сатылып жатқан көрінеді.
Кейін тұтынушының сатушыдан «Тропикамид» тамшыларын сатуды талап еткені анықталды. Істің мән-жайын анықтау үшін жанжалға қатысы бар адамдар полицияға жеткізілді.
«МӘМС-тің ақшасына дәріхана ашады, есірткі сатады. Дариға қуанып жүр», «Сол үшін заңды өзгерту керек. Құқықбұзушылық анықталған кезде-ақ дәріхананы лицензиясынан айыру қажет», «Тропикамид есірткі емес, ол нашақорға өзі қалаған әсерді береді. Олар сондықтан оны сатып алады. Препарат рецепт бойынша сатылады» дегендей пікірлер қалдырып жатыр желі қолданушылары.
Болған жағдайға қатысты Алматы қаласының полиция департаменті пікір білдірді.
Айта кетсек, «Тропикамид» – М-антихолинергиялық агенттер тобының фармакологиялық агенті. Ол көз тамшылары түрінде бәріне қолжетімді. Офтальмологияда көзді зерттеу үшін кеңінен қолданылады. Өйткені ол қарашықты қысқа уақытқа кеңейтіп, линза қисайған жағдайда ондағы өзгерістерді бөгей алады. Тамшылар көз камераларындағы құрысуды, қабынуды және адгезияларды емдеу үшін тағайындалады.