Блогерлер дүкеншіні бопсалау үшін мерзімі өткен тауар іздеуді әдетке айналдырған
Олар енді «Бопсалау» бабы бойынша ұсталып жатыр
Журналист Михайл Козачков Telegram-арнасына елімізде блогерлер мен қоғам белсенділерінің бопсалау арқылы ақша тауып жүргенін жазды. Айтуынша, олар дүкендер мен супермаркеттердегі мерзімі өткен тауарлар арқылы кәсіпкерлерден ақша бопсалайды.
Дерекке сүйенсек, олар үйдің жанындағы дүкендерге «рейд» жүргізіп, мерзімі өткен тауарларды іздеген.
Кейін бұл тексерушілердің үстінен арыз жазылған. Содан кейін полиция 7 эпизод бойынша бопасалау әрекетін тапты.
Оның айтуынша, дәл осындай әрекетпен қазір Алматыда тағы бір іс бойынша талқылау жүріп жатыр. Ол супермаркеттердің жұмысына бірнеше шағым жазған. Содан кейін 50 миллион теңге сұраған. Ер адам ақшаны алып жатқан жерінен ұсталды. Қазір ол 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.