«Пайызсыз несие беріледі»: Тоғжанов павлодарлық шаруалармен кездесті
Өңір тұрғындары тұтынатын өнімнің 20 түрін өздері өндіреді
Премьер-министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
Ол Ақтоғай ауданына барып, «Ауыл аманаты» жобасының қалай іске асып жатқанын білді.
Павлодарда өткен жиында Ералы Тоғжанов өңірдегі ауылдарда атаулы әлеуметтік көмек (АЭК) алушылардың саны 12%-ға төмендегенін, бұл ауыл тұрғындары әл-ауқатының артқанын көрсететінін атап өтті. Онда табыс 25% өскен, жұмыссыздар саны 3 мың адамға дейін азайған.
Сондай-ақ Үкімет басшысының кеңесшісі енді ауылдықтарға пайызсыз несие берілетінін айтты.
Айта кетейік, Павлодар облысында тұрғындар өнімнің 65 түрін тұтынады. Оның 20 түрін өздері өндіреді.