Әмиян

Мұғалімдерге сынып жетекшілігі үшін берілетін сыйақы 30 пайыз артады

Буллингтің алдын алу үшін сенім телефоны жұмыс істейді

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда 220 мыңнан аса сынып жетекшісінің өтемақысы 30% артатынын айтты.

Үкімет басшысының айтуынша, сынып жетекшілері мектептегі буллингтің алдын алуда үлкен рөл атқарады. Ал сыйақылар оларды оқушылар арасындағы жанжалдар мен төбелестерді бақылап жүргуге ынталандырады деп санайды.

Сондай-ақ ол буллингтің алдын алу үшін сенім телефоны жұмыс істейтінін еске салды.

Айта кетейік, бір жыл ішінде байланыс орталығының мамандары 18 500-ден аса әйел мен балаға көмек көрсеткен. Барлық аймақта қолдау орталықтары жұмыс істейді. Сондай-ақ BalaQorgauBot2.0 чат боты және Balakorgau веб-сайты бар.