Илон Маск Трампты қолдау комитетіне 75 млн доллар бөлді
Трамп жеңіске жетсе, оны өз әкімшілігіндегі бір лауазымға тағайындамақ
Илон Маск шілдеден қыркүйекке дейін Республикалық партиядан президенттікке кандидат Дональд Трампты қолдайтын өзі құрған саяси комитетке кемінде 75 млн доллар бөлді. Бұған АҚШ Федералдық сайлау комиссиясы жариялаған мәліметтер дәлел, деп хабарлады Kazinform ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Қаражат 3 шілде мен 5 қыркүйек аралығында бірнеше траншпен аударылған. Илон Маск осы уақыт ішінде комитет жұмысын қаржыландырған жалғыз адам болды.
The Washington Post газеті атап өткендей, комитет Трампты жақтайтын науқанды АҚШ-тың демократтар мен республикашылдардың айқын артықшылығы жоқ бөліктерінде күшейтіп жатыр.
Басылымның жазуынша, бұл Маск пен Трамп арасындағы «саяси одақтың нығая түскенін» көрсеткен.
Илон Маск бұған дейінгі сайлауда да Трампты қолдаған болатын. Республикалық кандидат жеңіске жетсе, Маскты өз әкімшілігіндегі қандай да бір лауазымға тағайындайтынын уәде етті.