Билік

Мемлекет Қостанай облысындағы шаруаларға 40 млрд теңге қарыз

Фермерлер жағдайдың қиындап бара жатқанын айтады

Қостанай облысындағы шаруаларға мемлекеттің 40 миллиард теңге қарызы бар.

Мемлекеттің ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге беретін қарыз көлемі күн сайын өсіп жатыр. Шаруарлар 24 пайызбен алған несие үстемақысының 17 пайызын мемлекет субсидиялауға тиіс. Алайда олар сол 24 пайызбен толық өтеп жатыр.

Фермерлер жағдайдың қиындап бара жатқанын айтады. Олар «ҚазАгроҚаржы» корпорациясынан лизингке алған техникаларын қайтарып беруге мәжбүр немесе мемлекет субсидияны толық өтеп болғанша, банктерден алған несиелерінің үстемақысын тоқтата тұруды сұрайды.