Алматыда ММА спортшылары кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысқан (ВИДЕО)
Оларға қамау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды
Алматыда кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Олардың арасында Поп-MMA спортшылары да бар.
Алматы қалалық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қолға түсіру операциясын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдерімен бірігіп жүргізді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазір олардың осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысының бар-жоғы анықталып жатыр. Ұсталғандарға қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Еске сала кетсек, Поп-ММА – жекпе-жек түрі. Оған тек кәсіпқойлар ғана емес, сонымен қатар әуесқойлар да қатыса алады.