Қазақстанда қанша адамның несиесі кешіріледі
Алдымен проблемалық қарызды реттеу жоспары жасалуы шарт
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова несиені кешіру шаралары туралы айтты.
Қазір банктер мен микроқаржы ұйымдарына әлеуметтік осал топтар бойынша жаңа талаптар қойылды. Соған сәйкес, алдымен проблемалық қарызды реттеу жоспары жасалуы шарт.
Оның айтуынша, қарызды реттеу жоспарына 1 млн 400 мың адам кіреді деген болжам бар. Бірақ басым бөлігі үшін қарызды қайтару шарты өзгертіледі.
Айта кетсек, жаңа заң жобасы бойынша әлеуметтік осал топтарға тағы бірнеше жеңілдік қарастырылған.