Қазақстанда қанша адамның несиесі кешіріледі

Қазақстанда қанша адамның несиесі кешіріледі bai-bol.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 17 қазан, 2024

Алдымен проблемалық қарызды реттеу жоспары жасалуы шарт

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова несиені кешіру шаралары туралы айтты.

Қазір банктер мен микроқаржы ұйымдарына әлеуметтік осал топтар бойынша жаңа талаптар қойылды. Соған сәйкес, алдымен проблемалық қарызды реттеу жоспары жасалуы шарт.

Сол жоспарда әлеуметтік осал топтарға қатысты нақты талап бар. Олардың несие мерзімі бірнеше жылға кешіктірілсе, оны төлеуге жағдайы болмаса, қарыз толығымен немесе бір бөлігі есептен шығарылуы қажет. Осындай талап қойдық. Жыл басынан бері 44 мың адамның қарызы кешірілді. Қаржы ұйымдары өз ақшасынан есептен шығарды, - деді агенттік төрағасы.

Оның айтуынша, қарызды реттеу жоспарына 1 млн 400 мың адам кіреді деген болжам бар. Бірақ басым бөлігі үшін қарызды қайтару шарты өзгертіледі.

Мысалы, пайыздық мөлшерлемесін төмендетеді, қарызды қайтару мерзімін ұлғайтады және айыпақы мен өсімпұлды кешіруі мүмкін. Осылайша, борыштың құрылымын қайта қарайды. Ал әлеуметтік осал топтар үшін қарыздың көлемі толығымен немесе ішінара кешіріледі, - деп атап өтті Мәдина Әбілқасымова.

Айта кетсек, жаңа заң жобасы бойынша әлеуметтік осал топтарға тағы бірнеше жеңілдік қарастырылған.