Ел тұрғындары енді шенеуніктердің жалақысын қысқарта алады
2029 жылға қарай барлық мемлекеттік органның жұмысы толықтай цифрландырылып бітеді
Енді қазақстандықтар шенеуніктердің жалақысын қысқарта алады. Мұндай мүмкіндік келесі жылдан бастап қолданысқа енеді. Яғни жұртшылық мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын онлайн бағалап, олардың жалақысына тікелей ықпал ететін болады.
Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатасы жанындағы Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы мәлім етті.
Ведомствоның хабарлауынша, 2029 жылға қарай еліміздегі барлық мемлекеттік органның жұмысы толықтай цифрландырылып бітеді. Сол кезде рейтингі төмен шенеуніктердің жалақысы қысқарады.
Бұл жаңашылдықты қолданысқа енгізудегі мақсат – мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс сапасын арттыру, халықпен байланысын нығайту. Одан қандай нәтиже шығатыны алдағы уақыттың еншісінде.