Кейбір азаматтың ай сайынғы несие төлемі 2 есе төмендетіледі
Сақтандыру агентінің комиссиялық сыйақысының ең жоғары мөлшері 10 пайызға дейін белгіленеді
Бүгін Мәжілісте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мүгедектігі бар адамдар мен әлеуметтік жағынан осал топтарға ерекше назар аударылатынын мәлім етті.
Оның айтуынша, заңнамалық деңгейде 1 шілдеден бастап енгізілген ұлттық стандартты ескере отырып, қаржы ұйымдарының мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету міндеті енгізіледі.
Сонымен қатар мерзімі өткен несиелер бойынша қарызды реттеу кезінде әлеуметтік осал топтар мен төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен азаматтарды қорғауға қосымша шаралар қарастырылған.
Шағын несиелер бойынша, оны қайтармағаны үшін салынатын айыппұлдарды қоспағанда, кез келген айыппұлды есептеуге тыйым салынады. Ал қарыз алушыларға жүктемені азайту үшін банктік несие немесе шағын несие шарттары бойынша сақтандыру агентінің комиссиялық сыйақысының ең жоғары мөлшері 10 пайызға дейін белгіленеді.
Заң жобасы бүгін бірінші оқылымда қаралды.