Борышкерлерді демалыс күндері мазалаған коллекторлар жауапқа тартылады

Борышкерлерді демалыс күндері мазалаған коллекторлар жауапқа тартылады bai-bol.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 16 қазан, 2024

Ондай жағдайда саll-орталыққа хабарласып, шағым түсірген жөн

Мәжілісте өткен брифингте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова егер коллекторлар борышкерлерді демалыс күндері, түнде немесе күніне бірнеше рет мазаласа, жауапқа тартылатынын айтты.

Коллекторлық агенттіктерге демалыс күндері қоңырау шалу құқығы берілмейді. Ондайға тыйым салынған. Екіншіден, жұмыс күндері борышкерге күніне тек үш рет қоңырау шалуға рұқсат етіледі. Одан кейін аудио және видеофиксация жүргізу қажет. Егер сізге демалыс күндері қоңырау шалса және сізді мазаласа, саll-орталыққа хабарласып, шағым түсірген жөн. Тексеру жүргізіледі, одан кейін біз бұл коллекторлық агенттікке қатысты нақты шаралар қабылдаймыз, – деді Мәдина Әбілқасымова.

Ол заң бойынша коллекторлық агенттіктерге әуелі айыппұл салынатынын және сол әрекеті тағы қайталанса, олардың қызметі толық тоқтатылатынын ескертті.