1 қаңтардан бастап барлық шенеуніктің табысы туралы декларацияны көре аламыз
Бірінші болып өзгелерге өзім үлгі көрсетемін, – деді Қаржы министрі
Қаржы министрі Мәди Такиев 1 қаңтарда қазақстандықтарға табысын көрсетуге уәде берді. Сонымен қатар қай шенеуніктің декларациясы жария етілмейтінін айтты.
Қазақстанда заңды тұлғалар мен олардың жұбайлары табыстарын көрсететін декларациялаудың үшінші кезеңі аяқталып жатыр. 15 қыркүйектегі жағдай бойынша, декларацияны 2,6 миллион қазақстандық тапсырған. Енді оның төртінші кезеңі 2025 жылдың 1 қаңтарынан басталады.