Марқұм Шерзаттың отбасы баспанадан да, ақшадан да бас тартты

Марқұм Шерзаттың отбасы баспанадан да, ақшадан да бас тартты видеодан скриншот
bai-bol.kz bai-bol.kz | 13 қазан, 2024

Әлдебіреулер қайғылы оқиғадан пайда көргісі келгенге ұқсайды

Кеше Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында марқұм Шерзат Болаттың үйі отқа оранған болатын. Осы жағдайдан кейін Алматы облысының әкімдігі марқұмның туыстарына уақытша баспана ұсынған еді.

Зардап шеккен отбасының ата-анасында, яғни Шерзаттың ата-әжесінде баспана бар. Сондықтан әкімдік ұсынған үйден бас тартты. Қазір өртенген үйді толық қалпына келтіруге тапсырма берілді. Сонымен қатар, отбасына материалдық және психологиялық көмек көрсетіледі, – делінген әкімдіктің ресми хабарламасында.

Сондай-ақ Шерзат Болаттың әкесі халықтан ешқандай ақша жинаудың қажеті жоқтығын айтты.

Бұл ретте әлеуметтік желіде әлдебіреулер Шерзаттың суретін пайдаланып, қайғылы оқиғадан пайда көргісі келгенге ұқсайды.