Етікшілердің тіккен өнімін таңбалау бағдарламасы жетілдірілді
Қазақстанда аяқ киім өнімдерін міндетті түрде таңбалау 2021 жылы енгізілген болатын
Астанада «Атамекен» ҰКП алаңында аяқ киім бизнесінің өкілдері мен Тауарларды таңбалау және қадағалаудың бірыңғай операторының қатысуымен тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өтті.
Бірыңғай оператор кәсіпкерлердің кері байланысын сараптай келе, өндірушілер мен импорттаушылар үшін жеңілдетілген құжат айналымы арқылы тауарлардың қадағалануын қамтамасыз ететін қосымша модульді іске қосып, оны аяқ киім бизнесіне ұсынды. Жүйені жақсартулар тізімінде тапсырыстардағы өнім идентификаторларының санына шектеулерді алып тастауды (GTIN) және GTIN туралы ақпаратты импорттау мен тапсырыстардағы excel құжатындағы кодтар санын импорттау мүмкіндіктерін қамтиды.
Онымен бірге өнім кодтарының жарамдылық мерзімі де 2 күннен 1 айға дейін ұзартылды. Тапсырыстарда енді инвойс нөмірі немесе түсініктеме сияқты қосымша ақпаратты көрсете аласыз. Сосын инвойстың нөмірін тауарларды қадағалау шеңберінде құжаттарды жасау кезінде пайдалануға болады.
Сондай-ақ жаңартылған жүйеде мына қадағалау құжаттары қолжетімді:
- үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен хабарламаларды тіркеу;
- инвойс нөміріне негізделген тапсыру-қабылдау актілері.
Бұл инвойстың нөмірін жүктеп алмай-ақ көрсетуге болатын артықшылық береді және кодтар құжатқа автоматты түрде «тартылады». Сондай-ақ қадағалау құжаттарын дайындау кезінде тауар айналымына қатысушыларға CSV файлынан таңбалау кодтарын жүктеп алу мүмкіндігі бар. Бұл жүктелген таңбалау кодтарын Excel форматына түрлендіру қажеттілігін болдырмайды. Жүйемен жұмыс істеу бойынша толық нұсқаулар бірыңғай оператордың ресми сайтына орналастырылған.
Кездесу қорытындысы бойынша аяқ киім тауарларын таңбалау кезінде бизнес процестерін оңтайландыру шеңберінде одан әрі өзара іс-қимыл жасау туралы шешім қабылданды және бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстарын ескере отырып, аяқ киім тауарларын таңбалауды іске асырудың «мақсатты процесін» пысықтау туралы шешім қабылданды. Биыл жыл соңына дейін бизнестен «мақсатты процесс» көрінісін ұсыну күтіліп отыр.
Бұл жүйені аяқ киім саудасымен айналысатын кәсіпкерлер қазірдің өзінде пайдаланып жатыр. Жақын арада бұл жүйе дәрі-дәрмек айналымы саласындағы кәсіпкерлер үшін де жұмыс істейтін болады.
Бұл жақсартулар бизнеспен, олардың қажеттіліктерімен және ескертулерімен үздіксіз диалогтың бөлігі ретінде іске асырылды. Бірыңғай оператор осы бағыттағы жұмысты жалғастыруда және тауарларды таңбалау мен қадағалау жүйесінің жұмысында жаңа ұсыныстарға ашықтығын білдіреді.
Еске сала кетсек, Қазақстанда аяқ киім өнімдерін міндетті түрде таңбалау 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап енгізілген болатын. Цифрлық таңбалауды және бақылауды енгізу нәтижесінде ресми аяқ киім импорты 30% өсті (37,2 млн жұптан 53,1 млн жұпқа дейін). Қаржы министрлігінің мәліметінше, ҚҚС және кедендік баждар түріндегі импорттық аяқ киім өнімдеріне төленген салық көлемі 38% өсті.