«Қол маторикасы дамиды»: тәрбиеші балаларға асық ойнатудың тың шешімін тапқан
Басында хобби ретінде бастаған ісім кәсіпке айналды, - дейді ол
Балаларға асық ойнатудың әдісін білесіз бе? Мысалы, қалада қойдың сүйек асығын жинау мүмкін емес. Қала түгіл, қазір ауылдың өзінде бұрынғыдай бір қонақ келді екен деп алып ұра беретін басы артық мал жоқ. Мысалы, бір балабақшаға 100 дана асық керек десек, әр мекеме 50 қойдың сойылуын күтуі керек. Ол үшін мыңдаған балабақша басшылығының елдегі қасапханалармен келісімшартқа отырып жүруі әсте мүмкін емес. Бүгінде бұл мәселенің шешімін астаналық балабақша тәрбиешісі Жұлдыз Болатқызы тапқан.
Ол Астанада балалардың ұлттық ойынға деген қызығушылығын арттырып, асықты тек суреттен ғана көрмей, өздерінің күнделікті ойнауына да мүмкіндік жасап отыр. Қалай дейсіз ғой?..
Айтуынша, қазір ол жасаған асықтарды өзі де, әріптестері де оқу іс-әрекеттерінде пайдаланып жүр екен. Аты гипс дегенмен, үгітілмейді және сынбайды.
Кәсіп демекші, асықпен қатар, ол тиын жинауға арналған түрлі пішіндегі дүниелерді де жасайды. Жұрт оларға көбіне тойбастар ретінде тапсырыс береді екен. Жеңіл әрі сапалы өнімдер – жиын-тойдың сәніне сән қосатын таптырмас сыйлық.