Елдегі тұрғын үйдің 1 шаршы метрі 500 мың теңгеге жетті
Өсім әдеттегідей Астана мен Алматыда емес, өңірлерде байқалған
Қазақстанда жаңа тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны орташа есеппен 500 мың теңгеге жетті.
Бүгінде баспананы сатып алудан бөлек, жалға алу бағасы да қымбаттаған. Бірақ бұл жолы баға өсімі әдеттегідей Астана мен Алматыда емес, өңірлерде байқалып отыр.
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, кейінгі 1 айда пәтер жалдау ақысы бірден 5 пайыз қымбаттаған. Өскемен, Қарағанды, Көкшетау қалалары алғашқы үштікте тұр.
Ал кейінгі 1 жылдағы ең жоғары өсім Жетісу облысының орталығы – Талдықорғанда тіркелген.