Құлыбаевтың жанар-жағармай компаниясы 382 млрд теңге айыппұл төлеуге міндетті
Осы компанияның ортақ иелері арасында оның Joint Technologies ЖШС да бар
Астана соты Silk Way Petroleum ЖШС-ға салынған 382 миллиардтан аса айыппұлды өзгеріссіз қалдырды. Компания олигарх Тимур Құлыбаевпен байланыстырылып, заңсыз отын жеткізу әрекеті үшін айыпталған, деп жазды Orda.kz.
Сот мәліметінше, Silk Way Petroleum-ға қатысты іс Жоғары аудиторлық палата жүргізген тексеруден кейін басталған. Аудиторлар 2020 жылдан 2023 жылға дейін компанияның «КТЖ-Грузовые перевозки» ЖШС үшін дизель отынын басқа көтерме жеткізушілерден сатып алғанын анықтаған. Бұл жеткізушілер өз кезегінде дизельді даулы Petrosun ЖШС-нан сатып алған. Ол 2 рет жанар-жағармай нарығында бәсекелестікті бұзғаны үшін үлкен айыппұлдар алған болатын.
Сонымен қатар, жанар-жағармай сақтау резервуарларын барлық компания «ТД ТЭК Казахстан» ЖШС-нан жалға алды. Кездейсоқ сәйкестікпен бұл ЖШС Silk Way Petroleum-ның жалғыз құрылтайшысы болып шықты.
Осылайша, Silk Way Petroleum ҚТЖ-ға отынды мұнай базалары немесе АЗС-дан емес, өзінің құрылтайшысы – 46 резервуардан сатып, өз мүдделеріне пайдаланып келген. 3 жыл ішінде ұйым осылайша 1,5 миллион тоннадан аса мұнай өнімдерін сатуды іске асырды.
Компания құқықбұзушылық жасағанын мойындамады. Silk Way Petroleum-ның өкілдері дизельді бір резервуардан екіншісіне көшіру мүмкін екенін айтып, ҚТЖ-ға отын жеткізудің басқа тәсілі болмағанын алға тартып, ал аудит қорытындылары «фактілерді көрсетпейді» деп мәлімдеді.
Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқықбұзушылықтар соты Жоғары аудиторлық палата аудиторының Silk Way Petroleum-ға қойған талаптарының негізді екенін анықтады. Компания отынды көтерме жеткізушіден тоннасына 204 мың теңгеге сатып алған. Ал жеткізуші Petrosun ЖШС-нан дизельді 165 мың теңгеге сатып алыпты. Ресми құжаттарда дизельдің «ТД ТЭК Казахстан» ЖШС-ға тікелей сатып алынғаны көрсетілген.
Осылайша, Silk Way Petroleum компаниясы өз құрылтайшысы үшін «жеткізуші» рөлін атқарып, осы схема арқылы үлкен пайда тауып отырған. Сонымен қатар, ол «КТЖ-Грузовые перевозки» ЖШС үшін негізгі жеткізуші (локомотивтерге отынның 82%-ын қамтамасыз еткен) болды.
Сот Silk Way Petroleum-ға 1,1 миллион теңге айыппұл салды. Сонымен қатар, компаниядан заңсыз сатылған дизель үшін алған барлық ақшасын қайтаруды талап етті. Бұл – 382 миллиард 144 миллион теңге. Компания бұл шешіммен келіспеді. Бірақ апелляциялық инстанция оны күшінде қалдырды.
Silk Way Petroleum ЖШС Қазақстанның ең бай адамдарының бірі және Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеубаласы Тимур Құлыбаевпен байланысты. Компания «ТД ТЭК Казахстан» ЖШС-ға толықтай тиесілі, оны толығымен «Қамқор Менеджмент» ЖШС бақылайды. Ал бұл соңғы аталған компания өз кезегінде Тимур Құлыбаевқа жол ашады. Осы компанияның ортақ иелері арасында оның Joint Technologies ЖШС да бар.