«Қорға тікелей хабарласыңыз!»: зейнетақы қоры көпшілікке ескерту жасады
БЖЗҚ қызметкерлері азаматтарға ешқашан қоңырау соқпайды
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) қазақстандықтарға қор тұтынушыларына қатысты алаяқтық фактілері көбейіп кеткенін ескертті.
Мұндай алаяқтыққа жол бермеу үшін мынаны білу керек: БЖЗҚ қызметкерлері азаматтарға қоңырау соқпайды! Сондықтан қырағы болып, бөгде адамдарға ешқандай код бермеңіз. Сондай-ақ бейтаныс сілтемелерге өтпеңіз.
Өзіңді қорғау әдістері:
- Өз кодтарыңыз бен құпиясөздеріңізді ешкімге, ешқашан айтпаңыз;
- Ақпаратты ресми арналар арқылы тексеріңіз;
- Егер Сізді әлдекім БЖЗҚ атынан мазалайтын болса, тұтқаны қойып, қорға тікелей хабарласыңыз;
- Қаржылық және зейнетақы қызметтерін алу үшін көмек көрсетуге уәде беретін делдалдардың қызметтерін пайдаланбаңыз.
Ақпараттың дұрыс-бұрыстығын БЖЗҚ бөлімшелерінде де, қашықтықтан да:
- enpf.kz сайты, БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасы арқылы;
- байланыс орталығының 1418 нөміріне қоңырау шалу арқылы;
- +7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsApp арқылы;
- БЖЗҚ-ның әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы тексере аласыз.