Шетелге 750 тонна мұнай өнімін заңсыз шығармақ болғандар ұсталды

Шетелге 750 тонна мұнай өнімін заңсыз шығармақ болғандар ұсталды РИА Новости/Владимир Астапкович
bai-bol.kz bai-bol.kz | 10 қазан, 2024

Өнімді рұқсатсыз тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері мұнай өнімі ірі контрабандасының арнасын жойды.

Polisia.kz мәліметінше, жедел іс-шаралар нәтижесінде шетелге заңсыз шығармақ болған 10-нан аса вагон-цистерна анықталды.

Іргелес мемлекетке жөнелтілмек болған вагондарда құны 120 млн теңгеден асатын 750 тоннадан аса мұнай өнімі болған. Олар тоқтатылып, тәркіленді.

Мұнай өнімін рұқсат құжаттарынсыз тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел тергеу жүргізіліп жатыр, – деді ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма басшысы Қуандық Алпыс.