Әмиян

Теңгенің құны түсіп кетті: қаржы сарапшысы себебін түсіндірді

Елдегі қор биржасында доллар төртінші күн қатарынан қымбаттап жатыр

Қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов кейінгі уақытта теңгенің долларға шаққандағы құнының әлсіреуін түсіндірді. Қазақстан қор биржасында 9 қазанда күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 489,06 теңге болды.

Оның айтуынша, алдағы уақытта да теңге әлсірейді.

Бұған қоса, ол солтүстік жарты шардағы жылыту маусымының басталуы мұнай бағасының өсуіне әкелуі мүмкін екенін айтты.

Айта кетсек, Қазақстан қор биржасында АҚШ доллары бүгін төртінші күн қатарынан қымбаттап жатыр.