Астанаға 4 өңір шаруалары 900 тоннадан аса өнім әкеле жатыр

Астанаға 4 өңір шаруалары 900 тоннадан аса өнім әкеле жатыр spk-jetisu.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 10 қазан, 2024

Жәрмеңке сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін ашық

12-13 қазанда Астанада Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Төрт өңірдің аграршылары Астанаға 900 тоннадан аса ауыл шаруашылығы өнімін әкеледі. Сатылатын тауарлар тізімінде ет, көкөністер мен жемістер, сүт өнімдері, өсімдік майы, бал, балық, шұжық өнімдері, қант, сондай-ақ түрлі кондитерлік өнімдер бар. Елорда тұрғындары мен қонақтары фермерлерден тікелей өнім сатып алып қана қоймай, аталған облыстардың әртістерінің қатысуымен өтетін концерттік бағдарламаны тамашалайды, - делінген хабарламада.

Жәрмеңке сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін ашық болады.

Айта кетсек, дәстүрлі жәрмеңке биыл Қарқаралы тасжолындағы «Қазанат» ипподромына қарама-қарсы орында өтіп жатыр. Елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болуы үшін жәрмеңкелерді өткізу орнына №18, 37, 303 және 323 автобус маршруттары қатынап жүр.

Жәрмеңке әр демалыс күндері, 27 қазанға дейін өтеді.