Қазақстандықтардың жалпы қанша жалақы алатыны атап көрсетілді
Мұнда барлық қосымша төлемдер, жәрдемақылар, бонустар, салықтар мен зейнетақы жарналары ескерілген
Ұлттық статистика бюросы қазақстандықтардың жалақысы туралы мәліметтерімен бөлісті.
Мамандар 9 қазанда жұмысшылардың биыл сәуірде есептелген жалақы мөлшері бойынша жыл сайынғы сауалнама жүргізгенін хабарлады. Онда барлық ірі кәсіпорынды қоса алғанда, 1 ай бойы жұмыс істеген қызметкерлер, іріктеп алғанда орта және шағын кәсіпорындардың 30%-ы (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды қоспағанда) қамтылды.
2024 жылдың сәуір айындағы нақты жалақы туралы деректе барлық қосымша төлемдер, жәрдемақылар, бонустар, салықтар мен зейнетақы жарналары ескерілді.
Жалпы саны бойынша орташа айлық жалақыны алушылар былайша бөлінді:
- Жұмысшылардың 6,1 пайызы 100 000 теңгеге дейін алған;
- 100 001 теңгеден 150 000 теңгеге дейін – 12%;
- 150 001 теңгеден 300 000 теңгеге дейін – 35,1%;
- 300 001 теңгеден 600 000 теңгеге дейін – 35,6%;
- 600 001 теңгеден 900 000 теңгеге дейін – 6,9%;
- 900 001 теңгеден 1 200 000 теңгеге дейін – 2,1%;
- 1 200 001 теңгеден 1 500 000 теңгеге дейін – 1%;
- 1 500 001 теңгеден астам – қызметкерлердің 1,2%.
Сауалнама қорытындысы бойынша жұмысшылардың орташа жалақысы 2024 жылы 285 677 теңге болды. Былтыр жұмысшылардың жартысы аз, жартысы көп алатын жалақыны бөлудің ортасында тұрған медианалық жалақы 251 356 теңгені қамтыды. Орташа жалақы – жұмысшылардың жартысы (50%) осы сомадан көп, ал қалған жартысы (50%) осы сомадан аз алатын шек.
Қызметкерлер жалақысының модальдық мәні (ең көп таралған жалақы) 97 557 теңгені қамтыды. 2023 жылы оның көлемі 81 377 теңге болған.
Менеджерлер үшін жалақы деңгейі 2023 жылмен салыстырғанда, 11,4% өсті. Өндірістік құрал-жабдықтардың операторлары, құрастырушылары мен жүргізушілеріне – 16%, ал фермерлер, ауыл, орман және балық шаруашылығының жұмысшыларына – 14,3%.
Орта білімі бар қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 262 238 теңгені, жоғары білімі барлар үшін 438 005 теңгені және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі барлар үшін 558 882 теңгені қамтыды.
16-24 жас аралығындағы жұмысшылардың орташа айлық жалақысы – 250 518 теңге, 25-34 жас аралығында – 347 985 теңге, 35-44 жас аралығында – 397 468 теңге, 45-54 жас аралығында – 372 825 теңге, 64 жасқа дейінгі жұмысшылардың орташа айлық жалақысы – 340 769 теңге, 65 жастан жоғары – 318 564 теңге.