Қостанайда кәсіпкер ірімшікті өз бағасынан қымбатқа сатқан
bai-bol.kz
bai-bol.kz | 9 қазан, 2024
Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті іс қозғады
Қостанай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті тұрақты түрде әлеуметтік желіге мониторинг жүргізеді. Масс-медиа мониторингінің нәтижелері бойынша әртүрлі бағаның қолданылуы туралы хабарлама табылды.
Облыстың ірі супермаркеттерінің бірі 1 қазанда «Чечил» ірімшігінің келісін 6 888 теңгеге сатқан, ал баға белгісінде тауардың 4 440 теңге екені көрсетілген, – деп хабарлады Сауда және интеграция министрлігі.
Департамент әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғады. Соның негізінде супермаркет ҚР ӘҚБтК-нің 193-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тауар бағасы сауда объектісінің ішкі, сыртқы витриналарына қойылған бағадан қымбат болғаны үшін 55 380 теңге сомасына айыппұл салынды.