Билік

Қаржы министрлігінің лауазымды қызметкерлері кәсіпкерлерден 68 млн теңге бопсалаған

Олардан басқа адамдардың да осы қылмысқа қатысының бар-жоғы анықталады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаровтың айтуынша, арнайы операция барысында Алматы және Астана қалаларында ауыр жемқорлық қылмыс жасағаны үшін Қаржы министрлігі басқармаларының басшылары ұсталған. 

Қазір соттың санкциясымен күдіктілер электронды бақылау құралдарын қолдана отырып, үй қамағына алынған. Ведомствоның басқа лауазымды адамдарының қылмыстық құқықбұзушылыққа қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.