Параны дәрігерлер өмір бойы алған, ала береді - бөлім меңгерушісінің мойындауы (ВИДЕО)
Маған елдер пара береді, соны көре алмай жүр, - деп кінәлады жәбірленушіні
Әлеуметтік желіге Талдықорғандағы көпсалалы онкологиялық диспансердің бөлім меңгерушісі Меруерт Нұрақынқызының пара алғанын мойындаған видеосы тарады.
Ауруханадан мәжбүрлі түрде кеткен бұрынғы қызметкері Әйгерім Талғатқызының айтуынша, меңгеруші емделушілер мен олардың туыстарынан пара алып, 4-сатыдағы науқастарға еш пайдасы жоқ дәрілерді сатқан көрінеді.
Бұл ретте Әйгерім Талғатқызының жұмыстан шығуына онкологиялық аурухананың әкімшілігі тарапынан қысым көрсетуі себеп болған. Өйткені ол бөлім меңгерушісі Меруерт Араповаға қарсы айғақтары барын айтқаннан кейін аурухана директоры, керісінше, өзіне жала жапқан. Содан кейін жағдайды видеоға түсіруге тырысқан оны директор көпшілік алдында қорлап, агрессивті түрде телефонын тартып алған. Артынша Әйгерімнің жеке мәліметтерін қарап, соңында жұмыстан шығарған.
Бұдан қалды, бөлім меңгерушісі науқастарды диагнозға сай емес дәрі-дәрмектерді сатып алуға мәжбүрлепті.
Сонымен қатар, Әйгерім Талғатқызы бұл мәселе тек Араповаға емес, басқа да дәрігерлерге қатысты екенін атап өтті. Ол пациенттерді мұндай дәрігерлерден қорғау үшін видео жариялаған. Видеода бөлім меңгерушісінің Әйгерімнің құрбысына WhatsApp желісінде жіберген аудиожазбасы шыққан.
Әйгерім өзінің жарияланымынан кейін аурухана директоры Арапова М.Н-ның жұмыстан шығарылуын талқылайтын тәртіптік кеңес шақырғанын айтты. Ол прокуратура мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдарды аурухана әкімшілігіне қарсы шара қолдануға шақырады. Әйгерімнің құқық қорғау органдарына қойған талаптары – жемқорлық пен қысым көрсетуде кінәлі деп есептейтіндерді жауапқа тарту.
Stan.kz тілшілері Талдықорғандағы облыстық онкологиялық орталықтан жағдайдың егжей-тегжейін сұрап көрген.