Түркістандық жас ғалым өнімділікті арттыратын тыңайтқыш ойлап тапты
Қазір жоба патенттеліп, авторлық құқық алынды
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті ғылыми зерттеу департаментінің ғылыми қызметкері, PhD доктор Бақыт Смайылов өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу арқылы ауыл шаруашылығы саласында топырақ құнарлылығын арттыратын тыңайтқыш алу бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Жас ғалымның «Ауылшаруашылығы өнімділігін арттыру үшін гуматқұрамдас тыңайтқыштарды алудың технологиясын жасап шығару жобасы» Ғылым және жоғары білім министрлігінің жас ғалымдардың 2022-2024 жылдарға арналған конкурсында жоғары бағаланып, грант ұтып алды. Жоба жақсы нәтиже көрсетіп, өңір шаруаларының қызығушылығын тудырған.
Қазір жоба патенттеліп, авторлық құқық алынды. Алдағы уақытта ауыл шаруашылығына қажетті тыңайтқышты өндіріске шығару жоспарланып отыр.