Көшпенділер ойындарында шетелдіктер қазақтың 5 ұлттық тағамына сүйсінген
Үздік бестіктің көшбасшысы – әрине, асылған ет
Министрлік отандық туроператорлардың сауалнамасы негізінде Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына келген қонақтардың есінде қалған 5 ұлттық тағамның тізімін ұсынды.
Үздік бестіктің көшбасшысы – әрине, асылған ет. Екінші орында бауырсақ тұр. Әсіресе, шетелдік меймандар ши бауырсақты кәдесый ретінде көптеп сатып алған. Үшінші орында – қымыз, төртінші орында – құрт болса, үздік бестікті шұбат түйіндеген.