Биыл Ресейден 285 мың тонна бензин импорттайтын мүмкіндігіміз бар
АИ-92-нің сату бағасы мемлекет белгілеген ең жоғары бағадан аспайды
Қазақстан 2024 жылы Ресейден 285 мың тоннаға дейін автокөлік бензинін импорттай алады, деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Сонымен бірге, ведомство АИ-92-нің сату бағасы мемлекет белгілеген ең жоғары бағадан, яғни литріне 205 теңгеден аспайтынын атап өтті.