Түсіңде ақша көрсең, өңіңде не болады? - түс жорушылардың болжамы

Түсіңде ақша көрсең, өңіңде не болады? - түс жорушылардың болжамы Getty Images/Yevgeniy Sambulov
bai-bol.kz bai-bol.kz | 7 қазан, 2024

Ақша туралы түс әрдайым жақсылықтың нышаны саналмайды

Ақша туралы түстер көбіне қаржы тұрғысынан өзгерістер болатынын ескертеді. Көрген түсіне байланысты түс көруші мол ақшаға кенеледі немесе ақшадан тарығады. Танымал түс жорушылардың ақша туралы түстерге қатысты тұжырымын талдап көрейік...

Лоффтың жоруы

Лоффтың пайымдауынша, түске ақша кіруі сол кездегі жағдайды көрсетеді. Егер адам түсінде ақша көрсе, тап қазіргі уақытта ақшаны көп ойлап жүр деген сөз. Көбінде қарызы бар, қаржылық қиындыққа тап болған немесе байып кетуді армандап жүрген адамдар түсінде ақша көреді.

Түсті егжей-тегжейлі түсіндіру үшін нақты қандай түс екенін анықтап алу қажет:

  • Түсінді бір бума ақша алу – белгілі бір адамның батасы;
  • Екіжақты қаржылық құжаттарға қол қою – бұрыннан жанжалдасып жүрген тараптардың татуласуын білдіреді;
  • Адамдарға қомақты ақша беру – мұқтаждарға көмектесуге деген ұмтылысты білдіреді;
  • Ақшаны жоғалту – өзіңізді бақылауда ұстай алмай жүргеніңізді білдіреді;
  • Түстегі ақша – биліктің, күш пен ықпалдың символы.

Түсті дәл түсіндіру үшін түс көрушінің қаржылық жағдайын ескеру қажет.

Ислам жоруы

Ислам түс жоруында ақша туралы түстер әртүрлі түсіндіріледі. Ақша толы сөмке молшылық пен байлықты білдіреді. Бос сөмке – нәтижесіз еңбекті білдіреді.

Егер түс көруші түсінде қарызын қайтарып жатқанын көретін болса, онда ол адамның жұмысы табысты болады. Егер адамның түсінде біреу қарызын қайтарып жатса, ол жұмыста қиындықтарға тап болады және жағдайына қанағаттанбайды.

Түсінде ақша көрген адам өңінде саяхатқа шығуы мүмкін. Егер ұйықтап жатқан адам түсінде ақшасын жоғалтып, кейін оны тауып алғанын көрсе, онда ол елеулі қатені сәтті түзете алады.

Түсінде адам ақша тауып алса, өңінде не болуы мүмкін? Мұндай түс зор табысқа, маңызды таныстыққа және марапаттарға әкелетін азғантай әбігерді білдіреді.

Феломеннің жоруы

Феломеннің түс жоруына сәйкес, түсінде пайдалы мәміле жасап жатқан адамның өңінде табысы артуы мүмкін немесе сәбилі болады. Түсінде аванс алса, алдағы істері табысты болады деген сөз. Ақша туралы түс жағымсыз әсер қалдырса, қара ниетті адамдардан зиян келуі мүмкін.

Түсінде ақша жоғалту – жағымсыз белгі. Ол қиындықтарды, сәтсіздіктерді, жоспардың орындалмауын білдіреді. Түс көруші алдағы өмірі туралы ойлануы керек.

Түс көріп жатқан адамның ақшасын біреу тартып алса немесе алдап кетсе, бұл жағымсыз белгі саналады.

Ақша тауып алу – кірістен айтарлықтай асып түсетін шығындарды білдіреді. Түс көруші үнемшіл болуы керек, сондай-ақ қаржыға байланысты өмірінде бір жаңалық болуы мүмкін. Түсінде ақша үнемдеу қаржылық жағдайдың жақсаратынынан хабардар етеді.

Миллердің жоруы

Миллердің жоруы бойынша, ақша өмірдегі елеулі өзгерістерді білдіреді.

Оның пайымдауынша:

  • Адам түсінде ақша тауып алса, көп ұзамай қуанышты жаңалық болады. Мұндай түс өмірдегі айтулы өзгерістерден хабардар етеді;
  • Бірдеңеге ақша төлеу – сәтсіздіктің белгісі;
  • Ақша жоғалтып алу – үйдегі шаруаларда және жұмыста болатын сәтсіздіктің белгісі;
  • Адам түсінде ақша санап отырып, ақшасы жетпей тұрғанын аңғарса, төлемдерге байланысты уайымды білдіреді;
  • Ақша ұрлап алу – қауіптің белгісі;
  • Ақша сақтау – тыныштық пен дамудың нышаны;
  • Тиын немесе купюра жұтып қойса, түс көруші ақшаға сатылып кететін сатқын болып шығуы мүмкін;
  • Тау болып үйіліп жатқан тиындар мен купюраларға қарап тұру – байлық пен бақыттың белгісі.
  • Түс көруші түсінде ақша тауып алып, оған жас әйел таласып жатса, мұндай түс сүйіктісі алдап кететінін білдіреді.
  • Егер адамның түсінде біреу қағаз ақша беріп жатса, бұл өркендеу мен шексіз қуанышты білдіреді.

Ванганың жоруы

Ванганың түсіндіруінде ақша туралы түс әрдайым жақсылықтың нышаны саналмайды. Адам түсінде ақша тауып алса, айналасындағы адамдардың бірі қастық ойлап жүргенін білдіреді. Сондай түстен кейін бірнеше күн елеусіз жатқан біреудің затын мүлде алуға болмайды. Дәл солар арқылы түс көрген адамға дуа жасалуы не қарғысқа ұшырауы мүмкін.

Түсінде ақша алу басқалар түс көруші адамды жомарт, мейірімді және жанашыр, әрқашан көмектесуге дайын адам ретінде қабылдайтынын білдіреді. Жыртылған купюралар жаман белгі саналады. Ол қарақшылық шабуыл мен кедейшіліктен хабардар етеді.

Адам түсінде ақша санап отырса, бұл түс адам бойында сараңдық пен пайдакүнемдік сияқты теріс мінездердің қылаң беретінін білдіреді. Мұндай адам байлықтан гөрі адами қарым-қатынасты бірінші орынға қоюы керек. Біреуге бір бума ақша беру – жақын арада болатын үлкен шығындардың белгісі.

Юнонаның жоруы

Юнонаның жоруы бойынша, түстегі монеталар өзгерістер мен оқиғаларға толы өмір кезеңін білдіреді. Жалған купюралар жалған ақпарат алуды білдіреді. Ақша табу – жағдай жақсарып, мәртебеңіз өсетінінен хабардар етеді. Дегенмен қаржылық жағдайыңызға, бюджетіңізге, шығындарыңыз бен жинақтарыңызға мұқият болыңыз.

Адам түсінде қағаз ақша көрсе, ол шулы дауларды, жанжалдар мен төбелестерді білдіреді. Бұған қоса жоспарлардың бұзылуына әкеп соқтыратын жағымсыз жаңалықтардан да хабардар етеді. Мыс монеталар кедейлікті білдіреді, күміс монеталар көз жасы мен өкпе-ренішті білдіреді.

Хассенің жоруы

Хассенің жоруы бойынша, ақша туралы түс жақын болашақта үлкен шығындарды білдіреді. Жалған монеталар немесе купюралар мұрадан айырылып қалуыңыз мүмкін екенін ескертеді.

Адам түсінде ақшасын жоғалтып алса, барлық ісі зая кететінін білдіреді. Біреуге ақша беру – шығынға ұшырайтынын меңзейді. Түсінде біреуге қарыз беру қиындықтар мен алаңдаушылықты білдіреді.

Ірі қағаз ақшалар кірістің төмендеуін болжауы мүмкін. Сондай-ақ көп ақша күтпеген байлықты білдіреді. Егер түс көруші адам көп ақшаны санап, қуанып жүрсе, өңінде оның табысы айтарлықтай артады.

Көбіне материалдық әл-ауқаты өзгеретін адамдардың түсіне ақша кіреді.

Дегенмен ақша туралы түсті жору үшін қандай түс көргеніңізге, содан кейін қандай сезімде болғаныңызға мән беруіңіз керек.

Дереккөз: nur.kz